Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дәурен Ерболат

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық ағындардың әсерінен барлық облыста найзағай ойнап, жел күшейеді, жаңбыр мен бұршақ жауады. Тек кей күндері батыста жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыс ағындары әсерінен мамырда күндіз ауа температурасының көтеріледі. Мысалы, батыс және оңтүстік облыстарда ауа температурасы 18-28 градусқа дейін, солтүстік, орталық, шығыста 15-23 градусқа дейін көтеріледі. Тек 23 мамырда солтүстікте ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді, - деп жазылған хабарламада.