Илхан Достиев велоспорттан Гран-приде жеңіске жетті

Дастан Жұмабекұлы

21 жастағы отандасымыз 48 шақырымды 3 сағат, 38:15 секундта жүріп өтті

Фото: Tomasz-Smietana

Польшада велоспорттан өткен Orlen Nations Grand Prix көпкүндігінің бесінші кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Илхан Достиев мәреге бесінші болып келді.

Илхан Достиев Леско мен Арламув қонақ үйі арасындағы 148 шақырымды 3 сағат, 38:15 секундта жүріп өтті. Одан кейін Арно Валленборн (3:38:18) мен Емиел Верстринж (3:38:19) жетті.

21 жастағы отандасымыз жалпы есепте жетінші орында қалды.

Бұл халықаралық турнир 23 жасқа велошабандоздар үшін Ұлттар кубогының бір бөлігі болып саналады. Жалпы 5 күнге созылған бәсекеде 22 елден 117 спортшы бақ сынады.