×

Рудныйда есірткі жасырумен айналысқан 39 жастағы күдікті ұсталды

Ер адамнан салмағы 29 грамнан асатын мефедрон тәркіленді

 Дәурен Ерболат 20.05.2024 | 13:35
Фото: polisia.kz

Рудный қаласында полиция синтетикалық есірткі жасырумен айланысқан 39 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тұрғын үйдің кіреберісінен 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден есірткі салынған 18 ZIP-пакет анықталды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 111 жабысқақ пакет табылды. Рудный тұрғынынан жалпы салмағы 29 грамнан асатын 129 мефедрон есірткісі тәркіленді, – деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аят Картбаев.

Полицейлер күдікті есірткіні аузына салып жасырғанын, ешкім оны бақылап тұрмағанына көз жеткізгесін мефедронды тиісті жерге қойып отырғанын жеткізді. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, ол есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция 39 жастағы ер адам бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама