Halyq Uni логотип
×

300-ден аса шенеунік жауапқа тартылды

Мемлекеттік органдар 600 тексеруді негізсіз тағайындаған

 Динара Амантай 20.05.2024 | 12:49
300-ден аса шенеунік жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

6 сәуірде мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң мемлекет тарапынан тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарын ретке келтіруге, сондай-ақ тексерулер жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Енді бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдарға қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға хабарлау қажет. Осыған байланысты, тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеудің салалық қағидаларына тиісті түзетулер енгізіліп жатыр.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, осы жылдың өткен кезеңінде бақылау және қадағалау органдарымен 32 мыңнан астам, оның ішінде бизнес субъектілеріне қатысты 16 мың тексеру тіркелді.

Мемлекеттік органдар негізсіз тағайындаған 600 тексерудің, оның ішінде екәсіпкерлерге қатысты 300-ден астам тексерудің жолы кесілді. Тексерулерді тіркеу және есепке алу саласында бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың 342 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылды.

Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті тексерулерді тіркеу жөніндегі заңнама талаптарын сақтау мәселесі бойынша жүргізілген талдау шеңберінде жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан кәсіпкерлерге қатысты ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану, құқықтық статистиканың уәкілетті органдарында тағайындау және тіркеу туралы актісін шығармай заңсыз тексерулер жүргізудің 111 фактісін анықтады.

Сондай-ақ, комитеттің әскери департаменті Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметіне жүргізілген жоспарлы тексерудің нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз тексерудің 6 фактісін анықтады. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесі бойынша бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама