×

«Тауар айналымы өседі». Көлік министрлігі Еуропаның бірқатар елімен келісімге келді

Отандық тасымалдаушылардың жұмыс істеуіне жағдай жасалады

 Дәурен Ерболат 20.05.2024 | 12:22
Фото: inbusiness.kz

Көлік министрлігі Еуропаның бірқатар елімен халықаралық жүк тасымалы бойынша уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство мәліметінше, көлік министрі Марат Қарабаев Балтық елдерімен (Латвия, Литва және Эстония) жүк тасымалы бойынша арнайы келісімге келді.

Қазір Еуропа елдеріне өту үшін рұқсат бланкіне қажеттілік күрт өсті. Латвия, Литва және Эстониядан алынған рұқсат бланкілерінің 70%-дан астамы қазақстандық тасымалдаушыларға берілді. Іс-сапар барысында қазақстандық тарапқа қосымша рұқсат бланкілерін беру туралы уағдаластыққа қол жеткіздік.  Латвия 6 мың рұқсат бланкін, Эстония 800 рұқсат бланкін, Литва 3 мың рұқсат бланкісін бермек, - деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, биыл Балтық елдері беретін рұқсат бланкінің саны шамамен 29 мыңға жеткен.

Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бұрын мұндай болмаған. Қосымша рұқсат бланкі санының артуы Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымының өсуіне, сондай-ақ тасымалдау құнының төмендеуіне ықпал етеді, - деді министр.

Айта кетейік, биыл отандық тасымалдаушылар Латвиядан – 18 мың, Эстониядан – 2,4 мың, Литвадан 8 мың рұқсат бланкісін алған.

Бұған дейін Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға қалай әсер еткені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама