Жобаға қатысуға 13 796 адам өтініш берген
Елімізде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында жаңа көшбасшы-басқарушылар дайындалып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қатысуға 13 796 адам өтініш берген. Оның ішінде құжаттары бойынша 4 950 педагог іріктеуден өтті.
Бүгінде тестілеуден сәтті өткен 567 педагог оқытудан өтіп жатыр (24 - мектепке дейінгі білім беру, 496 - орта білім, 47 - ТжКБ). Биыл үміткерлер білім берудің үш деңгейі - мектепке дейінгі, орта білім және техникалық, кәсіптік білім беру бойынша оқиды, – деді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева.
Айта кетсек, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар республикалық кадр резервіне бір жылға қосылады. Содан кейін олар алған білімдерін еліміздің білім беру мекемелерін басқаруда қолдана алады.