Алматыда тағы да жер сілкінді
Эпицентрі Қытай аумағында орналасқан
Алматы қаласында тағы да жер сілкінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 20 мамырда Алматы уақытымен 10 сағат 10 мин жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 380 шақырым жерде) орналасқан, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда дабыл белгісі іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.