Алматылықтар үрейге берілмей, сабыр сақтауға тиіс
21 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда дабыл белгісі іске қосылады, деп хабарлады қалалық ТЖД.
Басқарма қалада қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын техникалық тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.
Дабыл-дыбыс қондырғылары іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша сейсмикалық жаттығу жүргізіледі, - деп жазылған хабарламада.