Halyq Uni логотип
×

Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды

Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған

 Дастан Жұмабекұлы 20.05.2024 | 10:29
Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды.

Милад Карими кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық чемпионатындағы үшінші медалін иеленді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған.

Жалпы бұл 24 жастағы спортшының Азия чемпионатындағы сегізінші жүлдесі (1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль) болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама