Зат 64 мың теңгеге бағаланған
Астанада техника дүкенінен ұрлыққа түскен күдікті ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Астана қаласы Полиция департаменті мен Алматы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде техника дүкенінен ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы азаматты қолға түсірді.
Тергеу кезінде күдіктінің кешкі уақытта Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан сауда орталығындағы электронды техника дүкенінен Samsung маркалы сымсыз құлаққапты алып кеткені анықталды. Зат 64 мың теңгеге бағаланып отыр.
Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің Астанада осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.