Ақтөбеде кафеден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Дәурен Ерболат

Ғимарат тұрғын үйге жақын орналасқан

Фото: ТЖМ

Ақтөбеде кафенің қоймасы өртеніп, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ТЖМ.

Қалада бес қабатты тұрғын үйдің жанындағы кафенің қоймасынан өрт шыққан. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 5 бала бар.

Өрт толық сөндірілді.