Таулы аймақтарда дауыл тұруы ықтимал
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қарағанды облысы
Күндіз облыстың батысында найзағай. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 20 мамырда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының батысында найзағай. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 20 мамырда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы
Түнде Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 17-22 м/с, күндіз кей уақытта 27 м/с. Қонаев қ.: 20 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Ақмола облысы
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 20 мамырда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Астана
Елордада найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 20 мамырда түнде және таңғертең найзайғай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 20 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с сақталады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 20 мамырда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с сақталады.
Қостанай облысы
Түнде Қостанай облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 20 мамырда солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 20 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысы
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. г. Павлодар: 20 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Түнде кей уақыттарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 20 мамырда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Туркестан қ.: 20 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15- 20 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 20 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 20 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.