Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды
Оқиға орнына жедел құтқару топтары жіберілді
Иран президенті Эбрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды, деп хабарлады IRNA ақпарат агенттігі.
Оқиға Тегераннан шамамен 600 шақырым жерде Шығыс Әзербайжан провинциясында болды. Иран президенті Әзербайжаннан қайтып бара жатқан.
Кейінірек экипаж байланысқа шығып, Раиси дін-аман екенін хабарлаған.
Бүгін Иран мен Әзербайжан президенттері Эбрахим Раиси мен Ильхам Әлиев екі елдің шекарасындағы Араз өзенінің бойындағы «Худаферин» және «Гыз-Галасы» жаңа су электр кешенінің ашылу салтанатына қатысты.