Сарыағашта 3 күн бұрын жоғалған үш жасар қыз өлі табылды

Халық үні

Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылды.

Фото: Instagram\Гүлмира Абықай

Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылды.

«3 күн іздеген 3  жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті.  Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына.  

Қазір оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.