Блогер Мейіржан Төребаевты түрмеден отбасымен кездесуге жіберді
Дана Есееваның айтуынша, Мейіржан Төребаевтың заң бойынша қысқа мерзімді демалысы бар
Елімізге белгі вайнер Мейіржан Төребаев түзеті мекемесінде қысқа мерзімді демалыс алып, отбасымен қауышты. Бұл туралы сотталушының жары Дана Есеева әлеуеттік желіде хабарлады.
Дана Есееваның айтуынша, Мейіржан Төребаевтың заң бойынша қысқа мерзімді демалысы бар (113-бап мекемеден тыс жерлерге шығу). Вайнер сол мүмкіндігін пайдаланған.
«Балалардың бақыттан басы айналып жатыр. Кішілері соңғы кездесуден кейін бірақ тілдері шығып, әкелеріне көптеген сұрақтар қойып жатыр. Үлкендері саналы, әкелерінің жанында сабырлы болып отыр. Жақын арада оның Павлодарға қайта кететінін түсініп, барынша құшақтап жатыр. Онда Мейіржан күндіз Еңбек РМК-да жұмыс істейді, ал кешке мекемеге оралады. Ең бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды. Аз уақытқа болса да, ұлы қасында», - деп жазды Дана Есеева.