Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр
Талдықорғанда 11-сынып оқушысы 16-қабаттан секіріп, көз жұмды.
Қайғылы оқиға 16 мамыр күні кешкі жеті шамасында, Болашақ шағынауданында болған.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде оқыған.
«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-ші бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.