Астанада күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі
18 мамырда Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, арасында найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжанады. Түнде өңірдің орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батысқа солтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыс орталығында 23-28 м/с құрайды. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада күндіз қатты жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысқа ойыса соққан солтүстік-шығыс желінің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с құрайды. Таразда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде де найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда кейде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай ойнаса, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жел тұрады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады делінеді. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 23 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.