Әскери қызметте 20 жылдан аса еңбек еткен азамат сотта 26 млн теңге өндіріп алды
Сот шешімі заңды күшіне енді
Қарағанды облысында әскери қызметші Қорғаныс министрлігінің «Әскери бөлімі» РММ-ді сотқа беріп, өзіне және отбасына тиесілі тұрғын үй төлемдерін өндіріп алды Сот әкімшілік актінің күшін жойып, тұрғын үй төлемдерін төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Қарағанды соты хабарлады.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Д.-ның «Әскери бөлім» РММ-не бөлім командирінің біржолғы ақшалай өтемақыны аударудан бас тарту туралы шешіміне және заңнамада белгіленген мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақыны аудару міндеттемесіне дау айту туралы талап қою бойынша әкімшілік істі қарады.
Талап қоюдың негіздемесінде талапкердің Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде түрлі лауазымдарда әскери қызмет өткергені, еңбек сіңірген жылы 20 күнтізбелік жылдан асатыны көрсетілген. Талапкер де, оның отбасы мүшелері де тұрғын үйге иелік етпейді, осыған байланысты талапкерге тұрғын үй төлемі төленуге тиіс.
Бөлім командирінің құжаттардың дұрыс қаралмауына сілтеме жасай отырып, даулы шешімі заңсыз болып табылады, өйткені бастапқыда 5 адамнан тұратын Д. мен оның отбасы мүшелеріне 26 145 972 теңге көлемінде тұрғын үй төлемін төлеу туралы тұрғын үй комиссиясының оң шешімі шығарылды, оның негізінде талапкерге ағымдағы өтеусіз тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы бұйрық шығарылды.
Жауапкердің талап арызға пікірінде талапкердің жұбайы бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер жекешелендірілгені, осыған байланысты ақшалай өтемақы төлеуге жатпайтыны көрсетілген.
Сот талапты қанағаттандыра отырып, сенім мен әділеттілік құқығын қорғау қағидаттарын басшылыққа алды және бастапқыда тұрғын үй комиссиясының отырысында Д. мен 5 адамнан тұратын оның отбасы мүшелеріне 26 145 972 теңге мөлшерінде тұрғын үй төлемін төлеу туралы оң шешім қабылданғанын негізге алды. Әрі қарай төлем туралы бұйрық шығарылды, ол мерзімінде орындалмады. 4 айдан кейін басшы талапкерге төлем жасаудан бас тартылған даулы бұйрық шығарды.
Талап қоюшыға қатысты ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні шығару кезінде әкімшілік рәсім жүргізілмеген, оны бұзу, АПК талаптарына сәйкес, ӘКК-нің күшін жою үшін дербес негіз болып табылады. ӘРПК-нің 79, 80-бабын бұза отырып, даулы бұйрықта уәждеме де, құқықтық негіздеме де жоқ, яғни ол әкімшілік актіге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, сот 2007 жылы талапкердің жұбайы және 5 адамнан тұратын отбасы мүшелері жалпы ауданы 37, 5 м шаршы метр пәтерді жекешелендіргенін анықтады. Алайда, үй апатты деп танылып, тұрғындар 2014 жылы шығарылды, оның орнына тұрғын үй берілмеген. Қаралып отырған жағдайда жекешелендіру шарты бойынша меншік құқығы талапкерге және оның отбасы мүшелеріне тәуелсіз мән-жайлар бойынша жоғалды. Тұрғын үй комиссиясы талапкердің құжаттарын қараған кезде көрсетілген дәлелдер қабылданды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.