×

«Қазақфильм» түсірген фильмдер бюджетін ақтамайды

Бұл мәселе аудиторлық тексеріс барысында анықталды

 Дәурен Ерболат 17.05.2024 | 18:12
Фото: facebook/kazakfilmstudios.kz

Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов «Қазақфильм» АҚ түсірген фильмдер бюджетін ақтамайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» туралы Үкімет есебін тыңдады.

Отырыста Нұрлан Нұржанов отандық фильмдерді түсіруге бөлінген бюджет қаржысы өзін ақтамайтынын жеткізді.

Қазақфильм» АҚ шығарған кинокартиналардың жинаған үлесі оларға жұмсалған бюджеттің 4,8%-ын құрады. Сондай-ақ фильм мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін іске асыру мерзімін ұзарту – отандық киноны өндіру және прокаттау процесінде ашықтықтың болмауына алып келеді, - деді Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі.

Бұған дейін мемлекеттік қарыз көлемі 27,2 трлн теңгеге жеткені хабарланған еді.

Сондай-ақ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға қалай әсер еткені айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама