Ол бұған дейін 4 жылдан астам уақыт Ақмола облысының прокуроры болды
Президенттің келісімі негізінде Бас прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікқанұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Айдос Майлыбаев еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам уақыт Ақмола облысының прокуроры болды.
Ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.