Halyq Uni логотип
×

Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер саны артып жатыр

Рейстер саны аптасына 2-ден 3 рейске дейін ұлғаяды

 Динара Амантай 17.05.2024 | 15:31
Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер саны артып жатыр
Фото: Halyq Uni

Халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мақсатында Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер саны артып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 30 мамырдан бастап China Southern Airlines әуе компаниясы Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.

Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама