Индикаторлар 19%-дан 78%-ға дейін өсті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарын жылдам және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету көрсеткіші 19%-дан 78%-ға дейін өсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастама оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жылдамдықтағы интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді, – деді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жоспарлап отыр.