×

Ұлттық ұлан сұрмергендерді анықтады

Жарыс әскери қызметкершілердің біліктілігін арттыруға бағытталған

 Дәурен Ерболат 17.05.2024 | 13:05
Фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №3477 әскери бөлімінде оқ атудан сайыс өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жарыста Павлодар, Семей, Курчатов және Өскемен қалаларының әскери қызметшілері сынға түсті. Олар 25, 100 және 300 метрден оқ атудан бақ сынады. Жарыс командалар арасында өтті.

Қатысушылар Драгунов мылтығы мен Макаров тапаншасынан оқ атты.

Бұқаралық спортты дамытуға әскерде де айтарлықтай көңіл бөлінеді. Оқ ату бойынша жарыс әскери қызметшілердің біліктілін арттыруға бағытталған, - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы спорт және дене даярлығы қызметінің басшысы, подполковник Бауыржан Дарыбаев.

2 күнге созылған сайыс тартысқа толы болды. Әділ қазылар алқасының шешімімен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды №3477 әскери бөлімі (Өскемен қаласы) алса, екінші орынды №5518 әскери бөлімі (Өскемен қаласы) иеленді. Үшінші орынды 3477 әскери бөлімі (Курчатов қаласы) қанағат тұтты.

Барлық жеңімпаз бен жүлдегер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама