×

Бас жаттықтырушы үш ойыншыны командадан алып тастады

Ал Беларусьпен кездесу Сербияның Нови-Сад қаласында болады

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2022 | 14:47
фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің ойындарына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Юрий Логвиненко жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды. Сонымен қатар жаттықтырушылар штабының шешімімен Алексей Щеткин, Думан Нәрзілдаев пен Әлібек Қасым командаға қосылмады.  Футболистер клубтарына қайта оралды, - делінген хабарламада.

Сонымен ұлттық құрама команданың жаңа бас жаттықтырушысы Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына қатысатын мына ойыншылардың тізімін атады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада;

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Михаил Габышев, Ғафуржан Сүйімбаев, Талғат Көсепов;

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский, Эльхан Астанов, Бауыржан Байтана, Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов;

Шабуылшылар: Артур Шушеначев, Абат Айымбетов, Абылайхан Жұмабек.

Бүгін «Астана-Арена» стадионында сағат 20.00-де Қазақстан құрамасы Әзербайдан командасымен «С» лигасындағы алғашқы матчтын өткізеді. Одан кейін 7 маусымда сырт алаңда Словакия құрамасымен күш сынасады.

11 маусымда Қазақстан Беларусь ұлттық құрамасына қарсы үшінші матчын өткізеді. УЕФА Атқару комитетінің шешімі бойынша ойын көрерменсіз бейтарап аумақта - Сербияның Нови-Сад қаласындағы «Карасорье» стадионында өтеді.

13 маусымда астанаға Словакия командасы келеді.  

Одан кейін күзде Ұлттар лигасының топтық кезеңінің финалдық ойындары болады.

22 қыркүйекте Қазақстан жасағы Беларусь құрамасымен кездессе, үш күннен кейін ұлттық құрама Бакуде Әзербайжан командасымен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23