×

Қарағанды облысында инвесторға кедергі келтірген басқарма қызметкері жауапқа тартылды

Прокуратура 10 инвесторға құқықтық көмек көрсетті

 Динара Амантай 17.05.2024 | 11:36
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды облысының прокуратурасы өңір экономикасына салған инвестициясы 219 миллиард теңгеден асатын 10 инвесторға құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Manufacturing - United Energy Qazaqstan ЖШС (Германия) облыста 198 жұмыс орнын құрып, жел электр станциялары үшін конустық мұнаралар шығаратын зауыт салу жобасын (инвестиция көлемі – 36 млрд теңге) іске асырып жатыр. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін индустриялық-инновациялық жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу қажет. Алайда инвестормен кездесу барысында жергілікті атқарушы органдар оның өтінімін қарауды созбаққа салған. Жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу туралы өтінім 5 ай бойы, әр жолы жаңа ескертулермен қайта қарауға қайтарылған.

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроры инвестор және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, фронт-офис алаңында кеңес ұйымдастырды. Онда құжаттарды дайындауға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті тапсырмалар берілді. Нәтижесінде мәселе тез шешіліп, жоба қажетті аймақтық сараптамадан өтіп, Индустрияландырудың біріңғай картасына енгізілді.

Инвестордың өтінімдерін қарауды созбаққа салу және сапасыз қарау фактісі бойынша қадағалау актісі енгізілді. Облыстың индустрия және инновациялық даму басқармасының кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама