Темекі өнімдерінің ірі контрабандасының жолы кесілді

Динара Амантай

Алынған жүк экономикалық тергеу департаменттеріне берілді

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы мамырда ҰҚК Шекара қызметі «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалын тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Темекі өнімдері көліктердің арнайы жабдықталған жасырын орнынан табылды.

Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне жіберілді.