Жеңіл салмақтағы 5 отандасымыз жеңілуге мәжбүр болды
Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды.
Қазақстан сапындағы 52 келіде Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Милана Сафронова (66 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) мен 60 келі салмақтағы Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, финалға шықты.
Енді финалда Виктория Графеева жартылай финалда Әсем Таңатарды жеңген үнді боксшысы Маниша Манишамен кездеседі.
54 келі салмақта Әнел Сақыш Дина Жоламанды жеңді. 57 келіде де отандастарымыз бір-бірімен қолғап түйістірді. Бұл салмақта Париж Олимпиадасына қатысатын Карина Ибрагимова Виктория Байдуковадан басым түсті.
Басқа жеңіл салмақтағы спортшыларымыз жеңілді. Атап айтқанда, 48 келіде Гүлназ Бурибаева Үндістанның өкілі Минакши Минакшиге, Әйгерім Сәттібаева өзбекстандық Сайдахон Рахмоноваға, 50 келі салмақта Гүлнар Тұрапбай үнді Анамика Анамикаға, 52 келіде Томирис Мырзақұл да тағы бір Үндістанның боксшысы Нихат Заринге есе жіберсе, Сәния Сұлтанқызы (54 келі) қытайлық Юан Чангтен жеңілді.
Турнирде қола жүлдегер болғандардың бірі – Әйгерім Сәттібаева белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлының келіні.