Қылмыстық іс сотқа жолданды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.