×

Жыл басынан бері 154,2 мың адам жұмыспен қамтылды

Қызмет саласын таңдау мақсатында 73,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті

 Динара Амантай 17.05.2024 | 09:52
Фото: Halyq uni.kz

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 195,9 мың қазақстандық қатысты. 154,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 50,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 103,9 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 9,5 мың адам, жастар практикасында 6,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 72,9 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,4 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 90 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,8 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 24,4 мың жұмыссыз қамтылды. Оның 21,9 мыңы оқуын аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 21,6 мың адам қамтылды. Оның ішінде 13,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификат алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 73,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, көлемі 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микронесие беру көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама