Грузиядан 3 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды
Қазір күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында Plus Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген. Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағынан ұсталды.
Қазір күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.