Хатта 12 жыл бойы күйеуінен зорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұраған.
Заңгер, Human Rights Lawyers ҚҚ басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты жариялады.
Хатта 12 жыл бойы күйеуінен зорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұраған.
«Сәлеметсіз бе! Менің жасым 41-де, Атырау облысынан хабарласып тұрмын. Мен өзімнің заңды жолдасымнан 12 жыл бойы зорлық көрген жанмын. Ол кісінің таныстары мықты болып тұр. Жедел жәрдемде апасы диспетчерлік қызмет атқарады, нағашы ағасы аудындық ПБ бастығы болып қызмет атқарады. Сол себепті мен айғақ-дәлелдерімді жинай алмай отырмын. Сіздердің көмектеріңізге мұқтаж болғасын хабарласып отырмын. Өзім көпбалалы анамын, 4 қызым бар, ұл балаға жүкті кезімде ішімнен соғып, баламнан айырылып калғанмын», - деп жазылған хатта.