17 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның территориясының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды: найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман күтіледі.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.