×

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі өлі табылды

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

 Халық үні 16.05.2024 | 22:40
Фото: 31 канал

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі – Алтынай Әбішева өлі табылды, деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.

Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы шағымымен жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді.

Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілуде.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасуда.

«Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама