«555 күн өтті...»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғалы 555 күн өткенін айтып, желіде жазба жариялады
Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғалы 555 күн өткенін айтып, желіде жазба жариялады.
«555 күн өтті… Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір «әттеген-ай». Қолдауың бізге жетпей жүр», – деп жазды ол.
Ләйлә Сұлтанқызының оқырмандары мен өнердегі әріптестері Қайрат Беркінбаевтың жақсы, жүзі жылы азамат болғанын жазып, басу айтты.
«Қайрекеңнің жаны жәннатта шалқысын. Саған деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын… Нағыз аззамат еді», «Қандай жақсы адам болғаны жүзінен көрініп тұр», «Алла сабыр берсін! Өшпейтін өкініш», «Күндер өте береді. Тірі адам тіршілігін жасайды. Ұлдарың, анашың, бауырларың аман болсын», – деп жазды желі қолданушылары.