×

Тоқаев Малайзия премьер-министрімен кездесті

Қос тарап бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды

 Дәурен Ерболат 16.05.2024 | 17:43
Фото: Telegram/Aqorda

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы мен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Ақордада екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама