×

Жетісу облысында шенеуніктер инвесторға 2 жыл бойы жер бермей келген

Прокуратура қадағалау актісін енгізді

 Динара Амантай 16.05.2024 | 17:35
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақсу ауданында «Ералы» ЖК инвесторы бір жыл бойы ет-сүт өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру бойынша жобасын іске асыру үшін жер телімін ала алмаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті атқарушы орган болмашы себептермен жер беруден бас тартқан.

Тағы бір жағдайда Ескелді ауданының су қорғау белдеуіндегі жерлер азық-түлік базасын салу үшін «Албаков» ШҚ инвесторына берілген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бұл бұзушылықтар жойылып, инвесторларға тиісті жер телімдері бөлінді.

Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама