×

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Ол ұзақ жылдар бойы дипломатиялық қызмет атқарған

 Дәурен Ерболат 16.05.2024 | 17:25
Фото: Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған.

  • 1991 жылы – Алматы энергетикалық институты;
  • 1999 жылы – СІМ Дипломатиялық академиясы (үздік).
  • 1993-1994 жылдары – Сыртқы істер министрлігі консулдық басқармасының референті, атташесі; 
  • 1994-1996 жылдары – Қазақстанның Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;
  • 1996-1999 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы;
  • 1999-2002 жылдары – Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;
  • 2002-2004 жылдары – Нью-Йорк қаласы (АҚШ) БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы; 
  • 2004-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директордың орынбасары;
  • 2007-2011 жылдары – Вена қаласы (Аустрия) Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы кеңесші-уәкілі, тұрақты өкілінің орынбасары;
  • 2011-2015 жылдары – Нью-Йорк қаласы (АҚШ) БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары;
  • 2015-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
  • 2019-2021 жылдары – Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;
  • 2021-2022 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

І сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама