Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Ол ұзақ жылдар бойы дипломатиялық қызмет атқарған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған.
- 1991 жылы – Алматы энергетикалық институты;
- 1999 жылы – СІМ Дипломатиялық академиясы (үздік).
- 1993-1994 жылдары – Сыртқы істер министрлігі консулдық басқармасының референті, атташесі;
- 1994-1996 жылдары – Қазақстанның Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;
- 1996-1999 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы;
- 1999-2002 жылдары – Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;
- 2002-2004 жылдары – Нью-Йорк қаласы (АҚШ) БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;
- 2004-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директордың орынбасары;
- 2007-2011 жылдары – Вена қаласы (Аустрия) Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы кеңесші-уәкілі, тұрақты өкілінің орынбасары;
- 2011-2015 жылдары – Нью-Йорк қаласы (АҚШ) БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары;
- 2015-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
- 2019-2021 жылдары – Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;
- 2021-2022 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
І сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.