Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
- Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
- Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
- Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
- Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
- Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.