×

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

ДДСҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі ауысты

 Дәурен Ерболат 16.05.2024 | 17:12
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

  • Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
  • Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
  • Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
  • Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
  • Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама