Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты

Дастан Жұмабекұлы

Қазақстан теннисі көптеген елдері үшін табысты дамудың үлгісі болып отыр, - деді АТФ президенті Юрий Польский

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің жиыны болды.

Оған  Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Өзбекстан, Камбоджа, Пәкстан, Түркменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Иорданияның өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе инфрақұрылымды жақсарту, екіншісі, жаттықтырушылардың әлеуетті арттыру және үшінші мәселе теннисті қаржыландыруға арналды.

Елімізде теннис спортын дамыту үшін Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін өткізіп, кеңесшілер тобымен кездестік.

Қазақстан Азияның көптеген елдері үшін табысты дамудың үлгісі болып отыр. Соңғы 17 жылдағы ілгерілеуіміз жүйелі жұмыс пен инвестиция тартудағы жетістігімізді көрсетеді.

Екі күн бойы директорлар кеңесінің мүшелері Азияда теннисті дамытудың стратегиясы, елдер арасында байланысты нығайту үшін қолдануға болатын басымдылықтар мен бастамалар туралы айтты. Құрлықтың үздік ойыншылары бір-бірімен сынға түсе алатын жаңа турнирлерді ұйымдастыру, жас теннисшілердің жасөспірімдер кезеңінен кәсіби деңгейге жету төңірегінде пікір алысты, – деді Азия теннис федерациясының президенті Юрий Польский.  

Оның айтуынша, делегаттар Қазақстанда балалардың қалай жаттығатынын көзбен көру үшін Beeline Arena ұлттық теннис орталығы мен «Дәулет» теннис орталығында болып, жаттықтырушылармен кездесті.

Ол директорлар кеңесі атынан Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа алғыс айтты.