×

СҚО-дағы ойын-сауық орталықтары терроризмге қарсы мүлде қорғалмаған

Мекеме иелеріне айыппұл салынды

 Динара Амантай 16.05.2024 | 16:34
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері бірқатар сауда ойын-сауық орталығында терроризмге қарсы қорғаудың өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий аяқталды. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көптеген адам баратын сауда ойын-сауық орталықтарын тексере бастады.

Бүгінде 7 нысан тексерілді. Олардың алтауынан терроризмге қарсы қорғаудың бұзылуы анықталды. Оның ішінде өрескел бұзушылықтар бар: барлық жерде қатты дабыл ескертулері жұмыс істемейді. Барлық басшы жұмысшыларын террористік қатерлерге алғашқы ден қою алгоритміне тиісті оқытуды қамтамасыз етпеген, – делінген басқарма хабарламасында.

Ойын-сауық орталығы иелеріне айыппұл салынып, кемшіліктерді жою туралы бұйрық шығарылды.

Бұл ретте тексерулермен қатар, полицейлер объектілердің басшыларына терроризмге қарсы қорғауды жетілдіру және халықтың қауіпсіздігін нығайту бойынша практикалық көмек көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама