Теннисші әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумені жеңді
Әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты.
Теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен ойнады.
Бірінші партияда Жібек Құламбаева 6:2 есебімен жеңсе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ. Есеп – 6:4.
Бұл ойын 1,5 сағатқа созылды.
Енді Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингте 367-орында тұрған сербиялық Лола Радивоевичпен күш сынасады.