×

Жібек Құламбаева ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты

Теннисші әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумені жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2024 | 16:02
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты.

Теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен ойнады.

Бірінші партияда Жібек Құламбаева 6:2 есебімен жеңсе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ. Есеп – 6:4.

Бұл ойын 1,5 сағатқа созылды.

Енді Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингте 367-орында тұрған сербиялық Лола Радивоевичпен күш сынасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама