Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі
Балалар тестілеуді 12 шілдеге дейін тапсырады
Су басқан өңірлердегі мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға тіркелу және емтиханды тапсыру мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасиловтың айтуынша, оқушылар тестілеуді 12 шілдеге дейін тапсырады. Егер бұл балалардың ҰБТ нәтижелері төмен болса, онда қыста тапсырылған емтихан нәтижелерімен грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.
Су тасқыны болған 6 аймаққа министрлік тарапынан арнайы гранттар бөлінеді. Ол туралы арнайы пресс-конференция өткізіледі. Бұл мәселені қарастырып, министрлік, депутаттар тарапынан ұсыныстар болды. Су тасқыны болған өңірлерде халықпен кездесулер өтті. Оқытушылармен, оқушылармен кездесулер өткізіліп, осындай шешімдер қабылданды, – деді орталық директоры.