×

Шымкентте әйел үйдің жоғарғы қабатынан секіргісі келген

Оның мұндай шарасыз қадамға не үшін барғаны анықталып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2024 | 13:58
Фото: Halyq uni.kz

Шымкент қаласының тұрғыны үйдің жоғарғы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсағысы келген.

Оқиға Төлеген Айбергенов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған. Әйелдің төртінші қабаттан секіргісі келіп тұрғанын жолда өтіп бара жатқандар байқап қалған. Олар дереу полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, әйелді ажалдан арашалап алған. Оның мұндай шарасыз қадамға не үшін барғаны анықталып жатыр. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама