Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында мемлекеттік кәсіпорын 1,4 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Бірқатар басшы қызметінен босатылды

 Динара Амантай 16.05.2024 | 11:15
Маңғыстау облысында мемлекеттік кәсіпорын 1,4 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған
Фото: maek.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген талдау нәтижесінде «МАЭК» ЖШС қызметінен 1,4 млрд теңгенің бұзушылығын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кәсіпорын технологиялық бұзушылық актісі негізінде RTEX ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасқан.

Аталған акт бекітілген қағиданың талаптарын бұза отырып жасалған. Яғни қағидаға сәйкес, құжат I және II дәрежелі бұзылыстар болған жаңдайда рәсімделеді (Экономика министрлігінің «Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары» туралы 20.02.2015 жылғы №121 бұйрығы), – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл ретте кәсіпорында бір көзден шарт жасасуға негіз болатын апаттар болмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот технологиялық бұзушылық актісі және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп таныды. Осылайша, 1,4 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бірқатар басшы қызметтен босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама