ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады

Динара Амантай

Күдікті қамауға алынды

Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адамның өзіне және отбасына күш көрсетіп, 1 млн теңге бопсалағанын хабарлаған. Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде 200 мың теңге алу барысында облыс орталығының бұрын сотталған 37 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті өз әрекетін мойындады. Оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Күдікті қамауға алынды, – делінген хабарламада.

ШҚО полиция департаменті аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Кез келген жағдайда бопсалаудың құрбаны болған адамдар құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуі керек.