Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Динара Амантай

Қазір күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ресейдің Новосибирск қаласында ҚР ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды.

Қазір ол қамауға алынды. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.