ШҚО-ның 56 мектебінде оқушылар зиянды мазмұны бар контент парақшаларға еркін қол жеткізіп келген
Прокурорлық тексеру нәтижелері облыстағы 56 мектептің 15 мыңнан астам оқушысының тыйым салынған интернет-контентке қол жеткізгенін көрсетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атап айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған. Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте букмекерлік кеңселердің (1хбет, олимп) сайттары қаралған.
Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп), Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы облыстың барлық мектебінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтеріп, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне қадағалау актісін енгізді (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі), – делінген прокуратура хабарламасында.